object(DateTime)#1056 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-10-26 00:15:25.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Мемлекеттік марапаттар. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Бүгін Республика күніне орай Ақорда резиденциясында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел мен қоғамның дамуына, ұлттық құндылықтардың нығаюына елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттады.

Олардың қатарында Baitursynuly University өкілдері де бар.

Еңбек сіңірген журналист, ҚӨУ «Журналистика және коммуникациялық менеджмент» кафедрасының профессоры Сергей ХАРЧЕНКО ел басшысының қолынан «Барыс» орденінің I дәрежесін алды.

Халық ақыны, ҚӨУ «Өнер» шығармашылық үйінің жетекшісі Әсия Беркенова «Барыс» орденінің II дәрежесімен марапатталды.

ҚӨУ ұжымы атынан Сергей Васильевич пен Әсия Әйіпқызын ерең еңбекпен келген марапаттарымен құттықтаймыз!

Біз сіздерді мақтан тұтамыз!

Қабылдау комиссиясы