object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 14:46:46.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ-ДЕ ТАҒЫ БІР МӘРТЕБЕЛІ ҚОНАҚ

«Құрметті қонақ» жобасы аясында П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтына Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Әлия Аманжолова келді.

Жобаның мақсаты – жастарға тәрбие беру, өңірімізге және республикамызға танымал тұлғалармен, университетіміздің түлектерімен байланыс орнату, олардың табысты болу құпияларымен, өмір жолдарымен танысу, сондай-ақ кәсіби қызметі, қызығушылықтары жайлы білу.

Әлия Алатайқызы – Жітіқара ауданының тумасы, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, заң факультетінің түлегі.

Еңбек жолын Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасының бас маманы қызметінде бастаған. Сонымен қатар Қостанай қаласы әкімі аппаратының заң бөлімінде, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде, Таран ауданында бірнеше жыл қызмет атқарған.

Бүгінгі мәртебелі мейманымыз 17 жылдан астам әділет басқармасында, бір жыл Елордада қызмет етіп, кейін туған жері Қостанайға оралды.

Әлия Алатайқызы «Құқықтану», «Халықаралық құқық», «Сот және құқық қорғау қызметі» ББ-ның студенттеріне өзінің маман ретінде қалыптасуы, қызықты студенттік жылдары, мемлекеттік қызметтегі мол тәжірибесі, сүйікті ісімен үйлесім тапқан отбасылық өмірі, жеке басының қызығушылықтары мен алдағы өмірге жоспары туралы айтып берді.

Сондай-ақ, ол табысты жастардың бойында болуы керек қасиеттер жайында пікірімен бөлісті. Қонақтың айтуынша жастар өзіне сенімді, білімге құштар, шығармашылыққа жақын және жауапкершілігі мол, өзін-өзі тәрбиелей алуы шарт. Кездесу барысында студенттер Әділет департаментінің қызметі, мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері, мансаптық мүмкіндіктері, «меритократия» қағидасын іс жүзінде пайдалану туралы пайдалы ақпарат алды.

Қабылдау комиссиясы