object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 23:19:51.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚОНАҚ ДӘРІСІ

2022 жылдың қыркүйегінде А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ және  Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мемлекеттік кірістер органы үшін білікті кадрларды даярлау сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Әріптестік шеңберінде тәжірибеге бағытталған сабақтар, салық салу жүйесін дамытудың өзекті мәселелері бойынша шеберлік сыныптары өткізіледі және ҚӨУ-нің студенттері кәсіби практикадан өтетін болады.

Ал жақында Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Жанна Тұрғанова «Экономика», «Қаржы», «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламаларының білім алушыларына көшпелі дәріс өткізді.

Жанна Дүйсенбекқызы студенттерге салық заңнамасындағы өзгерістер туралы түсіндіріп, жалпыға бірдей декларациялау, e-salyq Azamat, e-Salyq Business мобильді қосымшалары туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол халықпен жұмыс істеудегі жаңалықтарға тоқталды, атап айтқанда, бұл байланыстың ақпараттық ресурстары туралы болды.

Университетте және Мемлекеттік кірістер басқармасында экономикалық бағытта мамандарды даярлау бойынша бірлескен жұмыс көптен бері ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Кәсіптік практикадан сәтті өткен білім алушылар осы ведомствода жұмыста  қалатыны құпия емес. Бірлескен жұмыс салық саласындағы түрлі жаңалықтарды уақтылы игеруге мүмкіндік береді.

Кездесу кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттер тарапынан назардан тыс қалмады. Сонымен қатар, салық органында тәжірбиеден өту, кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салық төлеу, халықпен өзара іс-қимыл және басқа да мәселелер түсіндірілді.

Қабылдау комиссиясы