Ағартушының мерейтойына орай студенттер мотивациялық кездесу ұйымдастырды. Қонаққа Bulaq Qostanay қоғамдық қорының директоры, әлеуметтік жобалардың ұйымдастырушысы Абзал Абдрахман келді.
Қонақ студенттердің сұрақтарына ықыласпен жауап беріп, өзінің студенттік өмірі туралы, алға қойған мақсаттары жайында, волонтёрлік қызметті қалай бастағаны және қазіргі таңда әлеуметтік жобаларды қалай жүзеге асырып жүргені туралы әңгімеледі.
Студенттер қонақты жылы қарсы алып, өздерін толғандырған маңызды сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Кездесу жаңа биіктерге жетуге шабыт пен күшті мотивация берді.
Сонымен қатар, «Биология» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері педагогикалық институттың түрлі білім беру бағдарламалары студенттері үшін «Қазақстанның табиғаты» тақырыбында зияткерлік ойын өткізді.
Ойын үш бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім – педагог-ағартушы Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметі туралы презентация.
Екінші бөлім «Своя игра» форматында өтті, онда Қазақстанның жануарлар әлемі, өсімдіктер дүниесі, табиғи нысандары және экологиялық мәселелері бойынша сұрақтар қамтылды.
Үшінші бөлім – Kahoot қосымшасы арқылы өткен викторина.
Команда қатысушылары өз білімдерін ғана емес, сондай-ақ жоғары деңгейдегі командалық рух пен белсенділікті көрсетті.





