Baitursynuly University-де «Қазіргі мемлекеттік қызмет: шақырулар мен үміттер» деген тақырыпқа «дөңгелек үстел» өтті.
Ұйымдастырушылар – ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті , ҚӨУ Экономика және құқық факультеті
Басқосуда ҚӨУ зерттеу, инновация және цифрландыру жөніндегі проректоры Жеңіс Жарлығасов модераторлық етті.
Жиналғандар алдында ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ерлан Салықбаев құттықтау сөз сөйледі.
Сөз алғандар «Сапалы мемлекеттік аппарат: ерте кәсіптік бағыт – жастар жетістігінің кепілі», «Мемлекеттік қызметті дамытудың тұжырымы туралы пікірлер», «Ауылдық жерлерде жас кадрларға сұраным және жастарға жасалған мүмкіндіктер» тақырыптарын талдады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымына бірқатар ұсыныстар енгізді.
Экономика және құқық факультетінің деканы Айдар Байкин департамент басшылығына көп жылғы ынтымақтаса істеген жұмысы үшін алғыс айтты және мемлекетік органдардың факультетпен жұмысын жүйелендіру жөнінде ұсыныс берді.