Қостанай қаласындағы шахматтан балалар-жасөспірімдер спорт мектебі нағыз зияткерлік шайқас алаңына айналды.
Мұнда Baitursynuly University ректоры кубогының финалдық кезеңі өтті.
Турнирдің басты мақсаты – жастарды шабыттандыру және ақыл-ой спорты түрлерін кеңінен насихаттау.
Бойжеткендер арасындағы үздіктер:
Жігіттер арасында шебер ойынымен ерекшеленгендер:
Арнайы номинациялар бойынша марапатталғандар:
Айта кетсек, ең жас қатысушылар – мектеп оқушылары. Олар ойын кезінде жасына қарамай, нағыз кәсіби деңгейдегі сабыр мен ой ұтқырлығын көрсетті.\
Ұйымдастырушылар Иман Набиев, Анна Жуйко және Арлан Медет сынды жас шахматшыларды ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, ҚӨУ ректоры Сейтбек Қуанышбаев турнирдің ең жас құрметті қатысушысы – Иман Набиевпен жеке кездесті.
Небәрі 10 жастағы Иман – Қазақстан құрамасының мүшесі, облыстық және халықаралық жарыстардың жүлдегері, Азия чемпионы және кадеттер арасындағы әлем вице-чемпионы.
Сейтбек Бекенұлы жас шахматшыны марапаттап, оған үлкен жетістіктер тіледі.
Барлық жеңімпаздар лайықты марапаттарға ие болды. Ақшалай сертификаттар (20, 30 және 50 мың теңге), медальдар, грамоталар мен кубоктар табысталды.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз!
Жаңа жеңістер, мол шабыт тілейміз. Ең бастысы – алға ұмтылудан танбаңыздар!