33 талапкер Baitursynuly университетінде Freedom Grants әлеуметтік жобасы аясында білім беру гранттарын иеленді.
Freedom Bank Қостанай филиалының директоры Қуаныш Букин жеңімпаздарға төрт жылға арналған грант сертификаттарын өз қолымен тапсырды.
Қуаныш Ахметқанұлы өз сөзінде:
«Бұл бастаманың қаншалықты табысты болатыны сіздерге байланысты. Оқып, білім мен тәжірибе жинақтаңыздар. Біз әрдайым қасыңыздамыз - тәжірибеге шақырамыз, кейін жұмысқа да аламыз. Төрт жылдан соң диплом табыстау рәсімінде осы құрамда кездесуді тілеймін!» - деді.
Студенттер келесі білім беру бағдарламалары бойынша оқиды: «Халықаралық құқық», «Маркетинг», «Құқықтану», «Экономика», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Сот және құқық қорғау қызметі».
Қостанай қаласы №5 мектептің түлегі Махаббат Алибаева:
«Адамдардың құқықтарын қорғауды армандаймын. Freedom арқасында ҚӨУ-іне («Сот және құқық қорғау қызметі») түстім. Грантты жеңіп алғанымды білгенде көз жасымды тоқтата алмадым. Рақмет! Сенімді ақтаймын!» деді.
Freedom Bank-ке осындай пайдалы жоба үшін алғыс айтамыз! Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оқуға шақырамыз!