object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-27 01:03:58.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Фразеологиялық тіркестер әлеміне саяхат

А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің құрметті профессоры Самамбет Мансия Қалмағамбетқызының Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Қазақ фразеологизмдері және олардың мағыналық баламалары орыс және ағылшын тілдерінде» атты кітабының тұсаукесері онлайн форматта өтті.

Бұл кітап – Мансия Қалмағамбетқызының көпжылдық зерттеулерінің нәтижесі.

Қазақ тіл білімінде фразеологиялық тіркестер толық зерттелмеген, олардың ерекшеліктері толық ашылмаған. Көптеген тұрақты сөз тіркестері тәуелсіз ғылыми зерттеулердің тақырыбы болып табылмай, тек қазіргі сөздіктерде қолданылуда.

Әр түрлі тілдер фразеологиялық тіркестердің сан алуандығымен және айырмашылығымен ерекшеленеді. Олар біздің тіліміздің ажырамас бөлігі, әсіресе қазақ тілінің, өйткені сөздің мағынасын ғана емес, сонымен бірге эмоцияны, белгілі бір көзқарасты бояп, әсерлі етіп жеткізуге көмектеседі. Олар мақал-мәтелдермен қатар, жоғары бағаланады.

Автор сөздігінде орыс және ағылшын тілдеріндегі  баламалары таңдалған 10 мыңнан астам қазақ тілінің тұрақты тіркестерін жинақтады. Бұл басылымның бірегейлігі оның үш тілде шығарылғандығында, ал қазақ тіліндегі нұсқасы кириллица және латын әріптерімен ұсынылуында.

Самамбет Мансия Қалмағамбетқызының «Қазақ фразеологизмдері және олардың мағыналық баламалары орыс және ағылшын тілдерінде» атты кітабы оқушылардың, студенттердің, мұғалімдердің, аудармашылардың және басқалардың мәдениетаралық үштілді құзыретін қалыптастыруға оң ықпал етеді деген сенімдеміз.

Қабылдау комиссиясы