Қаржылық сауаттылық курстары екі облыстың педагогтері үшін Baitursynuly University базасында өтуде.
Сабақтар ҚӨУ-нің экономика және құқық факультетінде ұйымдастырылған. «Қаржылық сауаттылық» курсы «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасын кеңейту бойынша Жол картасы аясында жүзеге асырылуда.
Оқытуға Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысуда. Жоба аясында 13 оқытушы өз қаржылық сауаттылығын арттырып, кейін студенттерге жеке қаржылық жауапкершілік туралы үйретеді.
«Қарызсыз қоғам» жобасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта жоба жоғары оқу орындарының оқытушыларын қаржылық сауаттылыққа оқыту кезеңінде, ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов пен ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов әзірлеген Жол картасына сәйкес жүргізілуде.