Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті ұйымдастырған «Ғаламдық серіктестік тұрақты дамудың шарты және кепілі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық сессиясына А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің өкілі, Қазақстан тарихы және философия кафедрасының доценті Денис Качеев қатысты.
Конференцияға қатысушылардың географиялық ауқымы кең. АҚШ, Франция және Финляндиядан бастап Түркия, Әзірбайжан, Тәжікстан және Қырғызстан елдерінің өкілдері бар. Бір сөзбен айтқанда қатысушылардың құрамы салмақты.
Өзбек, орыс және ағылшын тілдерінде жасалған баяндамалар әр түрлі бағыттағы біршама өзекті тақырыптарды қамтыды, дегенмен басты тақырып бейбітшілікті сақтау мақсатындағы жаһандық серіктестік тақырыбы болды.
Конференцияға Қазақстандық философиялық конгресстің өкілдері де қатысты және Философия, саясаттану және дінтану институтының (Алматы қ.) Фарабитану бөлімінің меңгерушісі Ғалия Құрманғалиеваның баяндамасы конференцияға қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды. Қазақстан әлі де болса қолдауды және дамуды қажет ететін фарабитану әлемдік орталықтарының бірі болып саналады.