Face ID: ЖОО-ның цифрлық инфрақұрылымы

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде Face ID технологиясына негізделген заманауи кіріп-шығу жүйесі енгізілді. Бұл жүйе университеттің цифрлық инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналады.

Жаңа жүйе:

Бет-әлпетті тану технологияларын пайдалану күнделікті рутиналық үдерістерді қысқартып, әкімшілік қызметтердің жүктемесін азайтуға және сабаққа қатысуды есепке алудың дәлдігін арттыруға жағдай жасайды.

Face ID жүйесін енгізу – университеттің цифрлық кампусты дамыту, заманауи IT-шешімдерді енгізу және технологияға бағытталған білім беру ортасын қалыптастыру жолындағы кезекті қадамы.

Қазіргі уақытта Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект бөлімі сабаққа қатысуды оқу жүктемесі мен сабақ кестесін ескере отырып автоматтандыру тәсілдерін пысықтауға кірісті. Аталған жұмыс университеттің цифрлық сервистерін кезең-кезеңімен жетілдіруге бағытталған.

Бұл шешімді іске асыру жоғары оқу орындарының қызметіне жасанды интеллект пен интеллектуалды цифрлық технологияларды енгізуге бағытталған AI-Sana инновациялық бағдарламасының міндеттеріне сәйкес келеді.

Қабылдау комиссиясы