«Студенттік көктемнің» тағы бір АЛТЫНЫ бізге тиесілі!

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің футзал командасы 1 орынды иеленіп, көрермендерге жарқын эмоциялар мен нағыз спорттық тартыс сыйлады.

Әрбір матч – соңғы секундқа дейінгі күрес, жылдам шабуылдар, мықты командалық рух пен жеңіске деген ұмтылысқа толы болды.

Біздің жігіттер өздерінің мінезді, мықты екенін дәлелдеді!

Чемпиондарды лайықты алтын жүлдемен құттықтаймыз! Бұл жеңіс жаңа жетістіктерге, жарқын ойындар мен үлкен табыстарға серпін берсін!

«Студенттік көктем 2026» фестивалінің жалпы есептік көрсеткіші бойынша ҚӨУ бірінші күнен бастап алдына жан салған емес, бүгінгі сайыс қорытындысы бойынша да көш бастап тұрмыз.

Қабылдау комиссиясы