object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 06:42:29.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ӘЛЕМ КУБОГІНЕН ҚОЛА МЕДАЛЬ БАР

Елорда да өткен жарыстар, чемпионаттар және конькимен жүгіру спортынан ҚР кубогының барлық кезеңдері аяқталды.

Ауқымды спорттық іс-шараға Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының, Қарағанды, Алматы, Қостанай және Хромтау командалары қатысты.

Жарысқа 500, 1000, 1500 және 3000 метрлік қашықтықтар кірді.

Қостанай Өңірлік университетінен ҚР чемпионаттарында "Дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы" кафедрасының конькимен жүгіруші-студенттері өнер көрсетті.

Студент Вадим Якубовский 3000 және 1500 метр қашықтықтағы қарсыластарын басып озып, бірінші орынды иеленді. 1000 метрге жүгіруде жігітіміз екінші болды. Ең ұзын қашықтық 5000 м Вадимге 3 орынды алып келді.

Бірінші курс студенті Андрей Семенов 1000 және 1500 метр қашықтықтағы жасөспірімдер арасында бірінші, 500 метрлікте екінші болды.

Айта кету керек, Андрей Семенов ҚР жасөспірімдер құрамасына қосылып, Жапониядағы Әлем Кубогының аралық кезеңдеріне қатысып, финалда командалық спринтте қола жүлдегер атанды.

Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз және оларға әрі қарайда тек жеңістер тілейміз!!!

Қабылдау комиссиясы