object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-26 04:51:51.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Есімі ел есінде

Ұлтымыздың жанашыры, қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын туған жері Тобыл-Торғай өңірі ғана емес, Қазақстанның барлық аймақтары тойлауда. Тіпті, ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіледі. Күні кеше Ақмола облысында ұлт ұстазының халқына сіңірген еңбегі мен ұлағатты істері дәріптелген іс-шара өтті. Мұндай шараларға ҚӨУ-нің ахметтанушылары, А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын зерттеп жүрген ғалымдар үнемі қатысады.

18 мамыр күні М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық əмбебап ғылыми кітапханасының Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырған конференциясына П.Чужинов атындағы əлеуметтік- гуманитарлық пəндер кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Алмасбек Əбсадық пен осы кафедраның аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ақмарал Ералина қатысып, баяндама жасады. Алмасбек Əбсадық Ахмет Байтұрсынұлының ұстаздық жолына тоқталса, Ақмарал Ералина ұлт ұстазының қоғамдық көзқарасы туралы айтты.

Конференция халықаралық деңгейде өтті, оған Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Қостанай қалаларының ғалымдары және Өзбек мемлекеттік əлем тілдері университетінің профессоры, ф.ғ.д. Маханбет Джусупов қатысты. Ол Ахаң еңбектерінің фонология ғылымдарындағы орны жайында баяндады. Сонымен қатар, сол елде тұрып жатқан қандастарымыз, мектеп оқушылары Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларынан үзінділер оқып берді.

«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» демекші, Ахаңның есімін есті халық ұмытпақ емес.

Қабылдау комиссиясы