Қазақстанның идеологиясын дамытуда, жасапмаз ұрпаққа бағыт-бағдар беруде Республика күні ерекше маңызға ие. Осы орайда Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту кафедрасында «Бастауыш білім беру мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері МНО 21-111-10 тобы «Демалыс іс-шараларын ұйымдастыру технологиясы» курсының аға оқытушысы PhD докторы А.Ж. Қасаболатпен бірге «Ерікті ел- Қазақстан» мерекелік тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағатында қазақтың құндылығын көрсететін бірнеше ұлттық өнерлер көрсетілді. Атап айтсақ Н. Қамбарова мен Д. Муратова күй тартыс ұйымдастырды. Ж. Мызабаева, Д. Муратова, И. Қуандықова туған жер туралы ән айтты. Турабаева Гүлнұр қазақ биін жаңғыртты. А. Сейілхан студенттермен «Маңызды тұлғалар» квест ойынын өткізді. Сонымен қатар студенттер флешмоб биін ұйымдастырды. Алаш батырларының ерлігін айқындайтын «Алаш ұраны» әнін хормен шырқады. Мерекенің соңында «Бір тілек бір шаңырақ» әдісі бойынша әрбір студент «Ұлттың күшін» айқындайтын құндылықты сипаттап тілек білдіріп шаңырақ жасады.
Бұл тәрбие сағатының мақсаты Республика күнін ұлттық мереке ретінде дәріптеумен қатар, студенттердің мерекелерді ұйымдастыру дағдыларын кәсіби дамыту болып табылады.