object(DateTime)#1052 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-10-18 23:08:14.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

САРАБДАЛ сөз, ДАНА ой

Baitursynuly University-де Рухани келісім күні аталып өтті.

Бұл мереке Қазақстанда бүгін, 18 қазанда тойланады.

Аталмыш күн елімізде 1992 жылы өткен алғашқы Дүниежүзілік рухани келісім конгресінен кейін белгіленген. Мақсаты – түрлі дін мен ұлт өкілдері арасындағы толеранттылықты, өзара құрмет пен диалогты нығайту.

ҚӨУ-де осы күнге орай «Ел бірлігі – рухани келісімде» атты кездесу ұйымдастырылды.

Шараның модераторы – ҚӨУ-дің жастар саясаты басқармасының маманы Абылайхан Осипов.

Университет студенттерімен «Марал ишан» мешітінің бас имамы Сабыржан Есмурзин, Сарыкөл шіркеулік округінің жетекшісі, Қостанай қаласындағы Константино-Еленин кафедралдық соборының діни қызметкері Виталий Клеба және Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ маманы Байболат Сегізбаев кездесті.

Спикерлер рухани келісім мен қоғамның ұлттық бірлігін нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтті. Студенттер көкейлеріндегі маңызды сұрақтарын қойып, қонақтардан сараптамалық жауаптар мен даналыққа толы кеңестер алды.

Қабылдау комиссиясы