Іс-шараға университеттің барлық корпустарындағы студенттер онлайн қосылды.
Аталмыш шараны өткізуге ҚР-ның су ресурстары және ирригация министрлігі тарапынан ұсыныс түсті және ол «Адал азамат» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Бағдарлама экологиялық мәдениетті, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.
Кездесудің негізгі өзегі – суды елдің стратегиялық ресурсы ретінде ұқыпты пайдалану. Қатысушылар өз сөздерінде суды тиімді пайдалану тек экологиялық міндет қана емес, сонымен қатар экономиканың және қоғамның тұрақты дамуының негізі екенін атап өтті. Бұл үдерісте жастарға ерекше рөл жүктеледі, олар жаңа тұтыну мәдениетін қалыптастырып, күнделікті өмірге экологиялық тәжірибелер енгізгені абзал.
Сала сарапшылары заманауи су үнемдеу технологиялары мен ресурстарды қорғау шаралары туралы айтып, студенттерді экологиялық және еріктілік бастамаларға белсенді қатысуға шақырды.
Спикерлер қатарында өңірдің су ресурстары саласында жұмыс істейтін профильдік ведомстволар мен ұйымдардың өкілдері болды.
Кездесудің негізгі түйіні айқын: су – жай ғана табиғи ресурс емес, ол өмір мен дамудың негізі. Біздің бүгін суды пайдалану мәдениетіміз – елдің болашағы мен ертеңін айқындайды.














