Baitursynuly University педагогика, психология және арнайы білім беру кафедрасының студенттері екі мерекені қатар атап өтті – Халықаралық студенттер күні мен Дефектологтар күні.
Жастар екі мерекеге де қатысы бар болғандықтан, барлық қатысушыларды шығармашылық пен шабыт атмосферасында біріктіруді шештік.
Іс-шара бағдарламасы жарқыраған өнер қойылымдары мен интерактивті блоктар, креативті көріністерді қамтыды. Студенттер сахналық қойылымдарда өздерінің болашақ мамандықтарын - психолог-педагог, арнайы педагог, логопед ретінде шығармашылық тұрғысынан таныстырды. Әрбір номер көрермендердің ерекше қолдауына ие болды.
Айтулы мереке қатысушылар мен қонақтарға позитивті күш беріп, студенттердің энергиясы әрдайым шабыттандырып, біріктіретініне тағы бір мәрте дәлел болды.