Дәуенов Михаил Түсіпұлы әріптестерінен!
Михаил Түсіпұлы бүкіл өмірін елі мен қоғамына қызмет етуге арнады. Ұлттық қауіпсіздік органдарында жұмыс істей жүріп, ол маңызды қызметтер мен лауазыдарды атқарды, терроризмге қарсы операцияларды басқарды, Қостанай облысындағы ҰҚК департаментінің бірінші басшысы болды.
Өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие ірі тұлға ретінде халқымыздың құрметіне бөленіп, қызметтің ең қызықты да қиын салаларын атқарып келді.
Жемісті еңбегі және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне қосқан үлесі үшін М.Т. Дауеновке алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасы ҰҚК генерал-майоры атағы берілді, 8 медальмен, оның ішінде «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің дамуына айтарлықтай ерекше үлес қосты. Запасқа шыққаннан кейін 2000 жылдан бастап заң факультетінің деканы болды. Оның басшылығымен облыстың барлық құқық қорғау органдарымен серіктестік қарым-қатынас құрылған, білім беру бағдарламалары жаңартылды.
Айта кетсек, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу негіздері» пәні жазылып, университеттің барлық мамандықтары үшін міндетті болды.
«Кеден ісі» мамандығы ашылып, «кеден құқығы» оқу бағдарламасы жасалған болатын.
Михаил Түсіпұлының бастамасымен 2016 жылы әскери кафедра ашылып, офицерлер қатарына 200-ге жуық түлек қосылды.
Михаил Түсіпұлы белсенді азаматтық ұстанымы бар адам бола тұра, зейнеткерлік демалысқа шыққаннан кейін де А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ жанындағы Қоғамдық сенім кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, бұл біз үшін университет жұмысының көрсеткіші болды.
Оның өмірі нағыз майталман маманның, ұлағатты әкенің, еліміздің абзал азаматының өнегесі. Михаил Түсіпұлының арқасында мемлекеттік, құқық қоғау органдарының басшылары мен мамандарының, заңгерлер мен адвокаттардың бірнеше буыны үлкен өмір жолына қадам басып, еліміздің игілігі үшін қызмет атқаруда