Baitursynuly University-де жаңа студенттер үйі ашылды.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде жаңа апта Студенттер үйінің салтанатты ашылуымен басталды. Үш қабатты төрт ғимарат 324 адамға есептелген. Енді ЖОО студенттердің жатақханаға деген қажеттілігі толығымен жабылды.
Жаңа Студенттер үйінде жайлы бөлмелер 2, 3, 4 адамға арналған. Ғимаратта ас үй, кір жуатын бөлме және сақтау бөлмесі бар. Студенттерге ыңғайлы болу үшін оқу және демалыс орындары ойластырылған. Жоспарда - жаттығу залын мен дүкен ашу бар.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов салтанатты ашылу рәсімінде студенттерге:
- Біз жатақханалардағы орын тапшылығын қысқарту үшін мақсатты түрде жұмыс істеп жатырмыз. Енді сіздердің пәтерлеріңізді жалға алудың қажеті жоқ, өйткені сіздер жатақханадағы орындармен қамтамасыз етілетін боласыздар.
Сондай-ақ, аймақ басшысы Baitursynuly University халықаралық ынтымақтастық саласындағы ұстанымдарының нығаюын – University of Minnesota (АҚШ) ҚӨУ-де қос дипломдық білім беру бағдарламасының іске қосылғанын атап өтті.
– Келесі жылы бұл бағдарламаға қатысатын студенттердің саны айтарлықтай артады деген сенімдімін.
ҚӨУ Басқарма Төрағасы-Ректоры Сейтбек Қуанышбаев атап өтті:
– Біз бар күш-жігерімізді студенттеріміздің жайлы оқуы мен өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға бағыттаймыз. Университетте жатақханаларда орын тапшылығы 100 пайызға жойылды. Бұл әсіресе қаладан тыс студенттер үшін, ауылдан келген балалар үшін өте маңызды. Ертең түлектеріміз ел дамуына сүбелі үлес қосуы үшін бүгінде жастардың білім алуына жағдай жасап жатырмыз.
Бердыболат Коркембаев пен ҚӨУ маркетинг және коммуникация бөлімінің суреті