object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-17 22:16:31.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Мейірім эстафетасы

JARYQ еріктілер клубының есеп беру концертінде студенттік клуб жетекшісінің ауысқаны белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚӨУ педагогикалық институтының студенті Дана Алибекова – университеттегі волонтерлер клубының негізін қалаушы. ⠀

"Волонтерлік қоғамға өте қажет, - деп түсіндіреді бойжеткен. - JARYQ клубы мұқтаж жандарға көмектеседі. Студенттер жалғызбасты қарт қостанайлықтарға барады, балалар орталықтарында және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталықтарында демалыстар ұйымдастырады. Baitursynuly University еріктілер қозғалысы қарқын ала түсетініне сенімдімін."

Дана – болашақ химия пәнінің мұғалімі. Ол 4 курсқа көшті, енді практикаға көбірек уақыт керек. Ал эстафетаны келесілерге беру керек дейді бойжеткен.

JARYQ клубының жаңа жетекшісі – «Шет тілдері» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті, клуб белсендісі Әйгерім Халдар.

Клуб басшылығы міндетін зор ыгта-ықыласымен атқарған Данаға рахмет! Ал, Әйгерімге сәттілік! Университетімізге білімпаз студенттердің келуін тілейміз!

Қабылдау комиссиясы