Тіл мен ғылым туралы диалог

ҚӨУ-нің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің филология және практикалық лингвистика кафедрасының оқытушылары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тлешовпен кездесті.

Кездесу облыстық «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығында өтті.

Кездесу барысында қазақ тіл білімінің дамуы, тіл саясатының өзекті мәселелері, сондай-ақ ұлттық ғылымды қалыптастыру және нығайту жолдары талқыланды.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы бастаған Алаш қайраткерлерінің еңбегі мен олардың тіл ғылымына қосқан үлесі кеңінен сөз болды.

Ербол Ердембекұлы Ахмет Байтұрсынұлының зерттеулері мен тілтаным саласындағы жаңашыл идеялары туралы арнайы тоқталды.

Кездесу соңында тіл саясатын дамыту бағытында ғылыми ынтымақтастықты күшейту және Алаш мұрасын тереңірек зерттеу қажеттігі айтылды.

Қабылдау комиссиясы