Машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультетінде Инженерлік академия қолдауымен қала және облыс мектептерінің оқушыларына арналған «Көңілді физика күні» өтті. Бұл күні мектеп оқушылары өздері қарапайым физикалық эксперименттер жүргізу мүмкіндігін алды, содан кейін ғалымдардың көмегімен оларды түсіндіруге тырысты.
Математика және физика кафедрасының профессоры Владимир Поезжалов пен аға оқытушы, магистр Юрий Мартынюк суы бар қапты өткір қарындашпен тесу тәжірибесін көрсетті. Бір қызығы, су қаптан төгілмеді; ондай нәтижені өздігімен жоғары көтерілетін сиқырлы цилиндр мен су өткізбейтін дәке берген. Бірақ ең үлкен қуаныш пен таңданыс қазіргі ұрпақ ұмытып кеткен жіпті телефонмен тәжірибе болды, оны барлық балалар дерлік жасады.
Іс-шараға барлығы 35 оқушы қатысқан:Қостанай қаласының №2, 8 10, 23, сондай-ақ Арқалық, Лисаков, Әулиекөл, Қарабалық, Федоров, Қамысты аудандары мен Дружба орта мектебінің 4-9 сынып оқушылары. Қатысушылар тәжірибелерді нақты уақыт режимінде бақылап қана қоймай, қашықтықтан да бақылау мүмкіндігіне ие болды. Себебі барлық іс-шара мектептердің әлеуметтік желілері арқылы таратылды, сонымен қатар, оқушылар мұғалімдердің жетекшілігімен эксперименттерді жасай алды.
Естеріңізге сала кетейік, А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ 2023 жылдың қазан айында Инженерлік академияны таныстырды. Инженерлік академияның міндеттерінің бірі – дарынды жастарды, ең алдымен мектеп оқушыларына кәсіптік білім беру және инженерлік мамандықтар мен оқу орындарын таңдауға тарту. Сонымен қатар, барлық сабақтар тегін және міндетті емес екенін атап өткен жөн.