Жаратылыстану пәндері кафедрасының Экология және биология мәселелері ғылыми орталығы, «Бердвочер» клубы «Науырзым» қоғамдық-экологиялық бірлестігімен бірлесіп, Халықаралық құстар күніне арналған іс-шара өткізді. Ғылым айлығы аясында ұйымдастырылған шараға кафедра оқытушылары мен студенттері белсенді қатысты.
2007 жылы университетте «Бердвочер» клубы құрылғаннан бері «құстар күнін» тойлау дәстүрге айналды. Жыл сайын біздің елімізде және бүкіл әлемде жыл құсының символы таңдалады. Қазақстанда 2023 жылдың құсы – Көкқұс.
«Биология» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары Малика Бекмағамбет пен Татьяна Соколовская «Биология», «Биология-химия», «География» білім беру бағдарламаларының 1-3 курс студенттерімен зияткерлік ойын өткізді. Мұндай ойынның мақсаты – құстарға және олардың мекендеу орындарын сақтау проблемаларына назар аудару.
Іс-шара соңында студенттер Экология және биология мәселелері ғылыми орталығы және «Бердвочер» клубының жұмысымен танысты. Зияткерлік ойынының қорытындысы бойынша жеңімпаздар құрмет грамоталарымен марапатталды.