object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 12:36:37.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Еске алу күні

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің және ішкі саясат бөлімінің, сондай-ақ «Костанайские новости» газетінің редакциясымен бірлесіп, аймағымыздың жетекші тарихшылары мен зерттеушілерімен онлайн-дәрістер сериясын бастайды.

27 мамырда тарих ғылымдарының кандидаты Серікжан Исмаилов ашаршылық оқиғалары мен өткен ғасырдың 1920-30 жылдардағы қуғын-сүргін және оның қазақ халқы үшін салдары туралы әңгімелейді. Басталуы сағат 19.00-де.

Осы жылдардағы репрессиядан бір жарым мыңнан астам қазақстандық әйел зардап шекті. Олардың көпшілігі – «халық жауының» әйелдері. Ұлы жерлесіміз Ахмет Байтұрсынов тұтқындалғаннан кейін оның әйелі Бадрисафа да қуғын-сүргінге ұшырады: алдымен ол түрмеге түсіп, сосын Сібірге еңбек лагеріне жіберілді.

2020 жылдың 29 мамырында Қостанай мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Дмитрий Легкиймен «Қостанайдағы 1937-38 жылдардағы репрессиялар» тақырыбында онлайн-дәріс өтеді. Басталуы сағат 19.00-де.

Онлайн-дәріске қатысуға және спикерлерге өзіңізді қызықтыратын сұрақтар қоюға шақырамыз.

Қабылдау комиссиясы