Жаңа ҒЫЛЫМИ табыстар көп болсын!

Baitursynuly University ректоры Сейітбек Қуанышбаев әріптестерін ғылыми жетістіктерімен құттықтады.

ҚӨУ оқытушылары өтіп бара жатқан жылды жоғары ғылыми атақтармен, дәрежелермен аяқтады.

Университеттің жылдық даму қарқыны жарияланған ғылыми кеңестің қорытынды отырысында ректор әріптестерін құттықтады.

Сейітбек Бекенұлы атап өткендей, 2025 жыл ҚӨУ үшін табысты жыл болды.

Оқу орнының студенттері мен оқытушылары талай мәрте республикалық деңгейде жақсы нәтиже көрсетті. Университеттің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, ғимараттарда ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Академиялық ұтқырлық қарқынды дамып келеді.

Ректор ҚӨУ-нің оқытушылық-профессорлық құрамына жаңа жыл жетістіктерге, жаңа ғылыми табыстарға толы болсын деп тілек білдірді!

Қабылдау комиссиясы