Бүгін ҚӨУ педагогикалық институтында «Цифрлық гигиена: интернетте қалай қорғануға болады» тақырыбында республикалық дәріс өтті
Дәрісті Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің мамандары «Заң және тәртіп» концепциясын іске асыру аясында өткізді.
Студенттер жеке деректерін қорғау, киберқауіптерден сақтану және цифрлық кеңістікте дұрыс әрекет ету жолдары туралы пайдалы ақпарат алды. Дәріс жеңіл әрі тартымды форматта өтіп, қатысушылар ойын тапсырмаларына қосылып, шағын сыйлықтарға ие болды.
Сондай-ақ студенттер ҚМА-ның виртуалды офицері AiDOS-пен танысып, интернетте өзіңді қорғаудың жолдары мен бүгінде жиі кездесетін цифрлық қауіптер жайлы мазмұнды кеңес тыңдады.


