Baitursynuly University студенттері «Өмір алақандағыдай» қайырымдылық жобасының аясында кішкентай қыздың арманын орындады.
Естеріңізге сала кетейік, бұл жоба «Костанайские новости» газетінің қолдауымен жұмыс істеп, он жылдан астам уақыт бойы қомақты қаржылы емдеуді қажет ететін балаларға көмектесіп келеді
Жыл соңында жоба координаторлары қостанайлықтармен бірге балалардың жаңа жылдық армандарын орындап, оларды қуантып, құттықтауда.
Біздің студенттер бұл игі дәстүрді қолдап.
7 жасар Алиса Василовская Аяз атадан тамагочи мен Леди Баг мультфильмнің кейіпкерлері бейнеленген қарындаштарға арналған мүсіндер жиынтығын сұраған еді. Қарапайым ғана балалық арман. Оны қалай орындамайсың?!
Кішкентай қыздың диагнозы - ДЦП, оған үнемі оңалту курстарынан өту қажет. Бұл, әрине, оңай емес. Бірақ Алиса өте шыдамды және позитивті бала.
Ал оның керемет анасы бар, сондықтан денсаулыққа қатысты қиындықтарды еңсеру жеңілдей түседі.
Алисаға сыйлықтар алу бастамасын ҚӨУ-нің Жастар саясаты басқармасы көтерді.
Студенттер бұл идеяны қолдап, қарашадан бастап университетте қайырымдылық іс-шараларын өткізді.
Жиналған қаражатқа Алиса сұраған ойыншықтардан бөлек, басқа да ойыншықтар мен тәттілер сатып алынды.
Ал біздің басқарманың мамандары «Өмір алақандағыдай» жобасының балаларына арналған ертеңгілікте Аяз ата мен Ақшақар рөлін сомдады.
Біз осы керемет бастаманы қолдаған әрқайсыңызға алғысымызды білдіреміз! Алиса сыйлықтарын ашып жатқан сәт - нағыз бақыт еді! Арман орындалған кез.
Жаңа жыл - бізге алуды да, беруді де үйрететін ғажайып уақыт.
Біз әріптестерімізбен және студенттерімізбен мақтанамыз. Аяз атаның осындай көмекшілері болса, одан артық не керек?