object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-03-21 02:08:13.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Адалдық, ашықтық және заңға құрмет

Baitursynuly University «Саналы Ұрпақ» студенттік клубының мүшелері мен жастар қозғалысының жетекшілерімен кездесу өтті.

Кездесуге ҚӨУ-дің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Нұрлыхан Темірбеков, комплаенс-қызметінің офицері Дархан Белгибаев және жастар саясаты басқармасының басшысы Диана Ракпанова қатысты.

Кездесудің басты тақырыбы - университеттік ортаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды енгізу, оқу процестерінің ашықтығын арттыру және қоғам көшбасшыларын әділ сайлау бойынша науқандар жүргізу. Студенттер мәселенің маңыздылығын түсініп, онымен белсенді әрі тиімді күресудің жолдарын білуі керек.

«Саналы Ұрпақ» клубы адалдық, ашықтық және заңға құрмет құндылықтарын қолдап, дамытады. Клубтың бір бөлігіне айналған студенттер тек білім алып қана қоймай, азаматтық белсенділіктерін дамытады, бұл олардың болашақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам қалыптастыруына ықпал етеді.

Қабылдау комиссиясы