object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-03-17 23:04:07.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Студенттерге арналған чекап

Осы аптада Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институтында медициналық тексеру қалашығы ұйымдастырылды! Студенттер оқу орнында толық тексерістен өтті: қан қысымын өлшеу, өкпедегі оттегі деңгейін анықтау, бойы мен салмағын өлшеп, қан анализдерін тапсыру және т.б.

Бұл іс-шара 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында өтетін туберкулездің алдын алу айлығының аясында ұйымдастырылды. Оған Jastar Med жастар денсаулық сақтау орталығы, Қостанай теміржол ауруханасы және Қостанай облыстық ЖИТС орталығының мамандары атсалысты.

Студенттерге туберкулездің алдын алу, темекі шегу мен алкогольдің зияны туралы дәріс оқылды. Дәрігерлер бұл аурудың белгілері, таралу жолдары мен сақтану әдістері жайлы кеңінен түсіндіріп, зиянды әдеттерден бас тарту бойынша бірқатар ұсыныстар берді.

Қабылдау комиссиясы