object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-02-20 11:34:06.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Болашақ әскери қызметкерлер

Baitursynuly University әскери кафедрасы, Қостанай гарнизонының әскери прокуратурасы және Қостанай облысы бойынша ҚР-дың қарулы күштерінің ардагерлер кеңесі “Жанұя” отбасы үлгісіндегі балалар ауылында бірлескен іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің имиджін көтеру және жастардың кәсіби бағдарын анықтау.

Полковник Олег Оборин, әділет подполковнигі Аблай Игембаев және майор Асылбек Кибеков студенттерге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылымы, әскери қызметшілердің өмірі мен тұрмысы, әскери қызметтің беделі, әскери оқу орындарына түсу шарттары және әскери қызметшілердің конституциялық құқықтары туралы айтты.

«Отбасы үлгісіндегі «ЖАНҰЯ» балалар ауылы» КММ директоры Айнаш Джаканова ұйымдастырушыларға кездесу үшін алғыс білдіріп, әскери кафедраға тәрбиеленушілермен бірге барып қайтуға уәде берді.

Қабылдау комиссиясы