object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-03-21 04:28:45.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ

Baitursynuly University студенттік ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенділікті арттыруға бағытталған жастар қозғалысының жетекшілерімен кездесу өтті. Іс-шараға сыбайлас жемқорлықпен күресуге және адалдық, ашықтық пен әділдік құндылықтарын насихаттауға дайын белсенді студенттер жиналды.

Кездесу барысында қатысушылар студенттердің сыбайлас жемқорлық туралы хабардарлығын арттыру, азаматтық белсенділікті қалыптастыру және университет өміріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды енгізу стратегияларын талқылады. Қозғалыс жетекшілері өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастарды сыбайлас жемқорлықпен қарсы күреске тарту бойынша нақты қадамдарды ұсынды. Олардың қатарында дәрістер, тренингтер мен әлеуметтік акцияларды ұйымдастыру бар.

Мұндай кездесулер жаңа буынды тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күресіп, адалдық пен заңдылық қағидаларын қолдайтын ұрпақ қалыптастыруға ықпал етеді. Біздің университетіміздің студенттері сыбайлас жемқорлық қаупінен азат болашақ құруға және өзгерістердің қозғаушы күшіне айналуға дайын.

Қабылдау комиссиясы