Baitursynuly University-де жастар арасында «Заң және тәртіп» принциптерін қалыптастыру тақырыбы талқыланды.
⠀
Іс-шараға ҚӨУ атынан әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Нұрлыхан Темирбеков, комплаенс-офицер Дархан Белгибаев, экономика және құқық факультетінің деканы Айдар Байкин, сондай-ақ әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар мен экономика және құқық факультеттерінің студенттері қатысты.
Кездесу спикерлері:
Нурбек Еликбаевич «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құралы ретіндегі қоғамдық бақылау» тақырыбында баяндама жасап, әрбір азаматтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Рустем Тасанбиевич студенттерге арнап сөз сөйлеп, былай деді:
- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу - қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Әр адам бұл күресті өзінен бастауы керек. Кез келген салада өз білімдеріңіз арқылы оқып, еңбек етіңіздер. Заң мен тәртіп принциптеріне адал болыңыздар.