object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 03:28:11.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҰБТ-2020

Биыл ҰБТ алғаш рет жаңа жағдайда өтеді. Түлектер коронавирус індетіне байланысты енгізілген карантиннің қатаң талаптарын сақтауы тиіс

Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді, оған 130 мыңнан астам адам қатысады.

Түлектер қатаң санитарлық нормаларды сақтауы тиіс. ҰБТ-2020-ның жаңа талаптары:

аудиторияларда әлеуметтік ара қашықтықты сақтау және маска кию міндетті;

аудиториялар желдетіліп, ауаны зарарсыздандыруды қамтамасыз ету керек;

ҰБТ өткізу пунктеріне кіретін жерде дезинфекциялық тоннельдер мен тепловизорлар орнатылады.

ҰБТ 5 пән (3 міндетті және 2 бейіндік) бойынша қағаз жүзінде өткізіледі. Тест тапсырмаларының саны – 120. Ең жоғары балл – 140.

Шекті балл:

педагогикалық мамандықтарға түсу үшін – 70 балл;

ұлттық жоғары оқу орындарына немесе медициналық мамандықтарға – 65 балл;

агроөнеркәсіп кешені мамандықтарына – 60 балл;

қалған жоғары оқу орындарына – 50 балл.

Жаңашылдықтар:

Тұлғаның бет-әлпетін тану көмегімен (Face ID) сәйкестендіру;

Электрондық сертификат және білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік;

SAT, ACТ және IB халықаралық стандартталған тестерінің балдарын ҰБТ балына аудару;

Шектік балл жинамаған тұлғаларға ҰБТ қайтадан тапсыру мүмкіндігі беріледі;

ҰБТ барысында түсірілген бейнежазба сарапталады. Тест тапсырушылары тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталған жағдайда ҰБТ нәтижесі де, тағайындалған білім беру гранты да күшін жояды. Сондай-ақ ҰБТ тапсыру орындарында калькулятор беріледі. Тестілеу уақыты 4 сағатты құрайтын болады.•

Тағы бір айта кетерлігі, осы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуде 11-сыныптағы төртінші тоқсан бағдарламасының сұрақтары кездеспейді.

Оқушылар төртінші тоқсанды толығымен қашықтан оқығандықтан, оларға жеңілдік жасалып отыр.

 

Қабылдау комиссиясы