object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-17 23:36:53.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

"Қола" жүлде

Baitursynuly University студент қыздарының командасы психология пәнінен республикалық студенттік олимпиадада 3 орынға ие болды!

Зияткерлік сайыстар Астанадағы MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY базасында өтті. Қазақстанның ең мықты 11 жоғары оқу орны қатысқан бәсеке тартысты өтті.

Психология кафедрасының аға оқытушысы Олеся РУДИЩЕВАНЫҢ жетекшілігімен «Психология» білім беру бағдарламасының 3 және 4 курс студенттері Вероника КРЫСИНА, Әсел МАМЫРБАЕВА және Анастасия ЛИТВИНОВА университетіміздің намысын қорғады.

Олимпиада 3 кезеңге бөлінді: біріншісінде студенттер мамандықтың базалық пәндері бойынша тестілеуден өтті, екіншісінде психологиялық кеңес беру бойынша практикалық кейсті шешті. Үшіншісі, қазіргі психологияның өзекті мәселелері бойынша пікірталас форматында өтті.

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша Анастасия ЛИТВИНОВА 3 орын иеленді.

Студенттеріміздің барлығы лайықты өнер көрсетіп, Baitursynuly University психология кафедрасы Қазақстандағы үздіктердің бірі екенін және «Атамекен» жоғары оқу орындарының рейтингінде көшбасшы орын иеленетінін тағы да дәлелдеді!

Жүлдегерлерді құттықтаймыз, алдағы уақытта табыстар тілейміз!

Қабылдау комиссиясы