object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-17 23:44:43.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Теңдессіз жобаның қола жүлдесі

Enactus Batyrsynuly командасы Enactus Kazakhstan National Expo 2024 Ұлттық кәсіпкерлер кубогының Бүкіләлемдік лигасының іріктеу кезеңінде 3️ орынға ие болды!

Біздің студенттер «GrainProduct» бірегей жобасын ұсынды. Бұл Қазақстандағы алғашқы биопласт өндірісі.

Жобаның ерекшелігі неде?

Біріншіден, материал тек табиғи компоненттерден тұрады: астық қалдықтары, сірке суы, глицерин және су. Екіншіден, астық қалдықтарын қайта өңдеу мәселесін шешеді. Бұл ауылшаруашылық аймағы үшін аса маңызды.

Тағы бір жағымды жаңалық –  ұжымның арқасында Baitursynuly University ERG компаниясының Meet up Astana фестивалінде «Инновациялық экожүйе» номинациясын жеңіп алды.

Жігіттерді жеңісімен құттықтаймыз және жаңа шығармашылық идеялар тілейміз!

Қабылдау комиссиясы