Бүгін Baitursynuly University Ұлы Отан соғысының қатысушысы Павел ДАЦЕНКОНЫҢ кітабының тұсаукесері өтті.
Презентацияны ҚӨУ-дің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары мен студенттері «Батырларға тағзым» республикалық жобасы аясында ұйымдастырды.
Қостанайлық майдангердің кітабы «От Курска гнали мы врага» деп аталады.
Бұл – ерекше басылым. Онда жерлесіміздің тағдыры көрініс тапқан.
Сонымен қатар, кітап қосымшасында майдангер өзі сызған жауынгерлік жолының картасы бар.
Павел Васильевич 18 жасында соғысқа аттанған. Курсктен Венаға дейін жетіп, Жеңіс күнін сол жерде қарсы алған.
Ол қарсы барлау алғы шебінде болып, құпия операцияларға қатысты.
Соғыстан кейін мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде қызмет етіп, полковник шенінде зейнетке шыққан.
Биыл ардагер 100 жылдық мерейтойын атап өтті. Бұл туралы көптеген БАҚ хабарлаған болатын және жерлесіміздің өмірін сақтап қалған оқиғаны еске салған.
Майданда оның өмірін қол сағат құтқарып қалыпты. Ауыр жараланғаны сонша санитарлар оны қаза тапты деп ойлаған. Үйіне қаралы қағаз да жеткен. Бірақ жауынгер ол кезде госпитальда жатқан.
Сол сәтте жанынан өтіп бара жатқан сарбаздың сағатқа көзі түсіп, қараса – қансырап жатқан солдат қозғалып кетеді. Осылайша Павел Даценко аман қалады.
Медсанбатта оған хат жіберілген, ол жерде сол сағат Доценконың өмірін құтқарғандығы туралы баяндалды.
Өкінішке орай, Павел Васильевич тұсаукесерге келе алмады. Дегенмен ҚӨУ өкілдері ардагерді мерекемен үйіне барып арнайы құттықтайтын болады.