object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-19 22:35:18.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ЭССЕ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСҚАН СТУДЕНТТЕР АЛҒЫС ХАТТАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының студенттері мен оқытушылары облыстық прокуратура өкілдері – Қостанай облысы прокурорының орынбасары Жәнібек Бақаев, прокуратураның ардагері Аққу Шаймерденова және облыстық прокуратураның кадр қызметінің полиграфолог-психологы Томирис Исмағұловамен кездесті.

Қонақтар болашақ заңгерлерге прокуратураға қызметке орналасу тәртібімен, қызметтің ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы айтып берді, студенттер назарына Қазақ КСР-нің прокуроры Ө.С.Сейітовтің 100 жылдығына арналған бейнероликті ұсынды, сонымен қатар республикалық эссе байқауына қатысқан студенттерді марапаттады.

«Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген заңгері», «Прокуратураның құрметті қызметкері» Өтеген Сейітұлы Ұлы Отан соғысына қатысқан, тергеуші, 1966-1984 жылдар аралығында, 18 жыл Қазақ КСР прокуроры қызметін атқарған.

Өтеген Сейітұлының мерейтойы аясында ЖОО студенттері арасында «Сейітов ізбасары» тақырыбындағы үздік эссе байқауы өтті. Байқауға П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының «Құқықтану», «Халықаралық құқық», «Сот және Құқық қорғау қызметі» ББ-ның студенттері қатысты. Аталмыш кездесу барысында эссе байқауына қатысқан институт студенттері әділет генерал-лейтенанты Е.С. Мерзадиновтың алғыс хатымен және дипломдармен марапатталды.

 

Қабылдау комиссиясы