16.06.2023 жылы А. Байтұрсынова атындағы ҚӨУ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі – 2022-2023 оқу жылының университеттің білім алушы контингентімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға қатысқан белсенді түлектермен қорытындысы шығарылды.
Кездесу барысында университет түлектері атқарылған жұмыстар туралы, сондай-ақ қолданыстағы іс-шараларды жақсарту жөніндегі идеялармен және адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет саласындағы жаңа болашақ жобалар үшін идеялармен бөлісті.
Кездесу қорытындысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департаменті атынан түлектерге белсенді азаматтық ұстанымы және парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыстау болды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті студенттерді алғыс хаттармен белгілеуді Қазақстан Республикасында алғаш рет жүргізіп жатқанын атап өткім келеді.