«Экономика және қаржы» кафедрасы «Дағдарысқа қарсы басқару» тақырыбында қызықты да көшпелі дәріс ұйымдастырды. Оған «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі салалық кеңесінің мүшесі, «Бизнес Реформа»ЖШС директоры Қанат Исмаилов қонақ ретінде шақырылып, сөз сөйледі.
Кездесу барысында Қанат Серікбайұлы «Қаржы» және «Экономика» білім беру бағдарламаларының студенттері үшін «Дағдарыс жағдайындағы ресурстарды басқару» тақырыбында қызықты бизнес-тренинг өткізді. Тренингте ол дағдарыс жағдайындағы ресурстарды басқарумен байланысты принциптер мен қарама-қайшылықтар мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, көтерілген тақырыпқа орай дағдарыс жағдайында тиімді топтық жұмыс пен коммуникацияны, сондай-ақ ситуациялық хабардар етуді қалпына келтіру әдістеріне тоқталды.