BETT. London. ЖАҺАНДЫҚ алаң

Ректор Сейітбек Қуанышбаев бастаған Baitursynuly University-нің делегациясы British Educational Training and Technology Show 2026 көрмесіне қатысты.

Smarter technology for all ḬN̰T̰R̰O̰ (Лондон, Ұлыбритания) – инновациялар, білім беру және технологиялар бойынша әлемдегі жетекші орталықтардың бірі.

Орталық жыл сайын BETT (British Educational Training and Technology Show) білім беру технологиясы мен оқытудың болашағына арналған әлемдегі ең ірі көрме өткізеді.

BETT дүние жүзіндегі білім беру мекемелерінің, технологиялық компаниялардың, стартаптардың және үкіметтік ұйымдардың өкілдерін біріктіріп, идея алмасу, озық шешімдермен бөлісу және Edtech саласындағы негізгі трендтерді талқылау үшін кеңістік жасайды.

Көрмеге жыл сайын 40 мыңнан астам түрлі саланың өкілдері қатысады.

Биыл бұл қатарға ҚӨУ де қосылды.

Сапар аясында Intel, Microsoft және Google сияқты жетекші әлемдік технологиялық корпорациялардың өкілдерімен кездесу жоспарда бар

Кездесулердің мақсаты – тәжірибе алмасу, цифрлық трансформацияның ағымдағы тенденцияларын, сондай-ақ жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және корпоративтік цифрлық платформалар сынды IT секторындағы заманауи техникалық және инновациялық шешімдерді талқылау.

Қабылдау комиссиясы