object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-22 18:08:45.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Байтұрсын Ілияс есімімен жаңа кабинет ашылды

А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде Қазақстанның жазушылар одағының мүшесі, ақын, журналист Байтұрсын Ілиястың құрметіне кабинет ашылды. Кабинетке Байтұрсын Ілиястың өзі қолданған заттары мен алған марапаттары қойылды.

Салтанатты шараға университет басшылығы ректор Сейтбек Қуанышбаев, белгілі ақын-жазушылар, туыстары мен шәкірттері қатысты.

Өмірінің қырық жылдан астам уақытын тілші болып қызмет етуге арнаған Байтұрсын Ілияс еңбек жолын Қарағанды облысының «Орталық Қазақстан» газетінде бастаған. Бұдан кейін көп жылдар бойы «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Қостанай облысындағы арнаулы тілшісі болған. А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің журналистика кафедрасының доценті болды.

Байтұрсын Ілияс Алаш ардақтылары жөнінде көп ізденді. 1996 жылы Ахаңның туған жері Торғай өңіріне, кіндік қаны тамған Ақкөлге «Ақ жол» ғылыми-танымдық экспедициясын ұйымдастырды. Осы сапардың негізінде «Алтын бесік» атты кітап жазды. Одан бөлек «Тың түлектері», «Тоғыз перне» атты жыр кітаптары мен деректі прозалық кітаптары жарық көрген.

 «Жас өркен», «Білім жарысы» газет-журналдарының жарық көруіне мұрындық болды. Бүгінгі жиында Байтұрсын атамыздың көзін көрген әріптестері келіп өздерінің жылы естеліктерімен бөлісті.

Журналистика кафедрасының алғашқы түлектері болған Байтұрсын Ілиястың шәкірттері де арнайы қонақ болды. Олар көп жылдар бұрын берілген Байтұрсын Ілияс атындағы стипендиясы мәселесін қолға алып, жаңдандырып биыл тағы бір студентке атаулы стипендияны тағайындау үшін арнайы эссе жазу байқауын ұйымдастырды. Нәтижесінде, үздік эссе жазған А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің журналистика кафедрасының 2 курс студенті Диана Искакова атаулы стипендияның иесі атанды.

 

 

Қабылдау комиссиясы