АҚШ - пен әлемнің жоғары зерттеу оқу орындарының үздіктер қатарына кірген меймандарымыз біздің университетпен ынтымақтастық орнату үшін келіп отыр.
⠀- Біз сіздердің ЖОО-ны таңдағанымыз кездейсоқ емес, - деп атап өтті ҚР құрметті консулы Hugh Hallman. - ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мұнда бүгінгі таңда жоғары сұранысқа ие педагогикалық кадрлар даярланатынын атап өтіп, сіздерге баруды ұсынды.
Baitursynuly University ректоры Сейітбек Бекенұлы ҚУАНЫШБАЕВ қонақтарды оқу ордамыздың материалдық-техникалық базасымен, білім беру бағдарламаларымен және жұмыс қағидаттарымен таныстырды. Делегация өкілдерін психологиялық, педагогикалық және IT бағыттар қызықтырды.
Оқу ордаларының ректорлары қос диплом бағдарламасын, сондай-ақ қостанайлық студенттерге шетелде білім алуға және ой-өрісін кеңейтуге бірегей мүмкіндік беретін алмасу бойынша оқуды талқылады.