object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 05:05:43.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Біздің студенттер салауатты өмір салтын қолдайды!

Ауылшаруашылық институтының биология және химия кафедрасының оқытушысы Айкүміс Сәкеннің жетекшілігімен «Химия», «Биология» және «Экология» білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері үшін «Пандемия кезінде жұқпалы аурулармен күресте денсаулық сақтау факторы ретінде дұрыс тамақтану» тақырыбында онлайн-тренинг ұйымдастырылды. Тренингті «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі Қостанай аймақтық орталығы» ММ-нің валеолог-маманы Жанна Бейсекеева өткізді.

Бүгінгі қоғам салауатты өмір салтына көп көңіл бөледі. Аталмыш іс-шараның мақсаты да осы – студенттерге салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану және темекі шегудің зияны туралы пайдалы ақпарат беру. Бұл әсіресе студенттердің қозғалыс белсенділігі төмендеген қашықтықтан оқыту кезеңінде өте маңызды.

Салауатты өмір салты организмнің психологиялық және физикалық жағдайының жақсаруына және оның өнімді жұмысына тікелей әсер етеді. Жанна Бейсекеева студенттердің дұрыс тамақтануы елдегі карантиндік кезеңдегі маңызды компоненттердің бірі екенін айтты.

Валеолог модератор әзірлеген сауалдарға және студенттерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді. Сұрақтарға жауап алынғаннан кейін ұйымдастырушылар темекінің, нашақорлықтың және басқа да зиянды әдеттердің адам ағзасына тигізетін кесірі туралы онлайн-викторина өткізді.

Қабылдау комиссиясы