Осындай ұранмен А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де ІІІ облыстық ақпараттандыру-түсіндіру онкүндігі өтті.
А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің психология кафедрасы облыс бойынша DECIDE Erasmus+ «Мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетуді дамыту» халықаралық жобасын жүзеге асыруда. Жобаның негізгі мақсаты – қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандарды кемсітпейтін, толерантты көзқарас қалыптастыру.
Онкүндікке университеттің барлық 4 институтының студенттері қатысты. Олар түрлі іс-шаралар өткізді: кураторлық сағаттар, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілген түзетулердің орындалуына мониторинг, инклюзияны дамыту бойынша қоғамдық пікірді анықтау мақсатындағы сауалнамалар, пікірталас алаңдары, челендждер. Онкүндікке барлығы 2500-ден астам студент қатысты.