object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-26 06:52:04.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Бірлік күніне арналған дөңгелек үстел

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де университеттің Қазақстан халқы Ассамблеясының жобалық кеңсесі, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және «Қоғамдық келісім» ММ-мен бірлесіп ұйымдастырылған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға қатысушылардың арасында этномәдени орталықтардың өкілдері, ҚРУ студенттері және шақырылған спикерлер болды.

Шара барысында жиналғандар Қазақстандағы мемлекеттік қызметті мысалға ала отырып. түрлі этнос өкілдері арасында достық қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын талқылады. Айта кету керек, Қостанай облысының мемлекеттік аппаратында түрлі этнос өкілдері көп. Барлығы 761 өзге ұлт өкілдері мемлекеттік қызметте жұмыс жасайды. Тексеру комиссиясының мүшесі Арман Испудиновтың баяндамасында қатысушыларға миократияның негізгі қағидаттары және оны мемлекеттік қызметте жүзеге асыру мен пайдаланудың маңыздылығы туралы айтылды. Сонымен қатар Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру жөніндегі кабинетінің меңгерушісі Майра Бакенова студенттерге Мемлекеттік басқару академиясы, оның жұмысы, қабылдау ерекшеліктері және онда оқудың артықшылықтары жайында ақпарат берді.

Іс-шараның басқа да спикерлері:

Абылайхан Кәкенов – Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі м.а. Баяндама тақырыбы: «Мемлекеттік қызметтегі, құқық қорғау органдарындағы түрлі этнос өкілдері».

Валерий Вишниченко – мемлекеттік қызмет ардагері. Баяндама тақырыбы: «Мемлекеттік қызметтегі этностар: проблемалық сала».

Тесленко Денис – «Қостанай облысындағы украиндік қауымдастық» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары. Баяндама тақырыбы: «Қазақстан халқы Ассамблеясы – ел бірлігінің негізі ретінде. «Жаңа Қазақстан» жаңа саяси бағытын қолдау».

Отырысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Асхат Іскендіров жүргізді.

Қабылдау комиссиясы