object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 23:56:20.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Бәдрисафа – адамдық пен адалдықтың үлгісі

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен «Бәдрисафа – адамдық пен адалдықтың үлгісі» тақырыбында мағыналы кездесу өтті.

Іс-шараға «Журналистика» мамандығының оқытушылары мен студенттері қатысты. Кездесу «Ахметтану» жобасы аясында ұйымдастырылып, алғашқы қонағы ретінде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының Қостанай облыстық филиалының жетекшісі, зерттеуші, журналист Нәзира Жәрімбетова шақырылды.

Нәзира Жәрімбетова – көп жылдан бері Бәдрисафаның өмірін зерттеп, түрлі материалдар жариялап жүрген кісі. Сондықтан Бұл кездесу қатысушылар үшін тағылымды, құнды мәліметтерге толы болды.  

Өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы саяси қуғын-сүргінде азап шеккендердің де, құрбаны болғандардың да басында алаштың ардақтысы, ірі ғалым және мемлекет қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов тұр. Ахмет атамыз абақтыға бес рет қамалған екен. Сол саяси қуғын-сүргін құрбандарының әйелдері де ойранды жылдардың қайғы-қасіретін, шексіз әділетсіздігін күйеулерімен бірдей көрді. Ахаң тартқан азаптан оның жары Бәдрисафа да тыс қалмады. Арыс бабамызбен қатар ол да Томға айдалды, аштық пен суық, жүректі суылдатқан қорқыныш, аштық бәрі қосылып, ақырында талма ауруға ұшырады.

«Негізі Ахмет Байтұрсынұлы мен оның жары Бәдрисафа өміріне қатысты әлі де ашылмаған ақиқаты баршылық. Сол себепті алдағы уақытта «Ахметтану» жобасы аясында тағы да келелі кездесулер көп болады»-дейді іс-шараның ұйымдастырушысы, Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Амангелді Шөрентаев.  

 

Қабылдау комиссиясы