Құрамында 300-ден астам ректорлар бар «Qazaqstan Education» ҚР оқу орындары басшыларының қауымдастығы мектеп, колледж және ЖОО педагогтары арасында «Қазақстанның үздік педагогтары» Республикалық байқауын жариялайды.
Конкурс «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы шеңберінде өткізіледі. Мақсаты білім беру мазмұнын жаңарту бойынша педагогтардың шығармашылық қызметін дамытуға, білім беру процесін ұйымдастыруда жаңа технологияларды қолдауға, педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруға, қоғамдағы білім берудің басымдығын бекітуге бағытталған.
Байқауға қатысу үшін «Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің рөлі» тақырыбында эссе немесе жобаның конкурстық жазбаша материалын дайындау қажет. Конкурстық материалдар мен қатысушының ақпараттық картасы Qazeducation@gmail.com поштасына 2023 жылдың 10 ақпанына дейін жіберілуі керек.
Конкурс екі кезеңде: бірінші кезең (сырттай тур) 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында, ал екінші кезең (жұмыстарды, жобаларды қорғау) 10 ақпан мен 10 наурыз аралығында өтеді.
Байқау шарттарымен, ЕРЕЖЕМЕН ← сілтеме бойынша өтіп, танысуға болады.