2015 жылдан бастап тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Жангелді Шәукенов басқаратын А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің философия кафедрасында этносаралық және конфессияаралық келісім мәселелерін зерттеу орталығы жұмыс істейді. Орталық құрамына философия кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы кіреді. Орталықтың негізгі міндеттері мен мақсаттары этносаралық және конфессияаралық келісім мәселелерін зерттеу болып табылады. Осы жылдар ішінде кафедра оқытушылары дәрістер, семинарлар, пікірталастар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, тағы да басқа көптеген іс-шаралар өткізді. Қазақстанда 100-ден астам этностар тұрады және 18 конфессия бар.