Бүгін «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының өкілдері мен Қазақстандағы жоғары оқу орындарының грантқа ие болған студенттерімен кездесті. Кездесу онлайн форматта Zoom платформасында өтті.
Кездесу барысында Қор басшылығы студенттер мен жоғары оқу орындарының өкілдерін қайырымдылық бағдарламасының жүзеге асырылу нәтижелерімен және Қор қызметімен таныстырды.
Қордың басқарма төрағасының орынбасары Лаззат Чинкисбаева өз сөзінде университет басшылығына ынтымақтастық үшін алғыс айтып, бастамаларды жүзеге асыруда сәттілік тіледі. Грант иегерлерін университетіміздің ректоры Сейітбек Қуанышбаев та құттықтады.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры биылғы жылы «Білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыру аясында гранттар мен шәкіртақы тағайындауға конкурс жариялаған болатын. А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің 50 студенті «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры тағайындаған грант есебінен білім алады, сонымен қатар оларға ай сайын 40 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленеді.
Барлық грант иегерлерін құттықтаймыз, сапалы білім алуларыңызға тілектеспіз!